Бүгін Қазалы қаласындағы №67 сайлау учаскесіне «Ғибрат» әжелер ансамблінің мүшелері келіп, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасады.Сайлауға арнайы келген ақ жаулықты аналарымыз Қазалы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге әсем әннен шашу шашып, учаскеге келген сайлаушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.Ұлттық дәстүр мен өнерді ұлықтап жүрген әжелеріміздің бұл бастамасы сайлау күнінің мазмұнын аша түсіп, келген жұртшылықтың ықыласына бөленді.Өнегелі өмірімен кейінгі ұрпаққа үлгі болып жүрген әжелеріміз елдің амандығын, халықтың бірлігі мен ынтымағын тілеп, игі тілектерін білдірді.

#МәслихатСайлауы2026 #ҚазалыАуданы #Ғибрат #ҰлттықӨнер

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған