Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлау күні қала тұрғындары қатарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де азаматтық белсенділік танытуда. Солардың бірі – «Казахстанская правда» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Әлібек Байшуленов.Қоғамдағы маңызды оқиғаларды ақпарат кеңістігінде жариялап, ел өміріндегі жаңалықтарды оқырманға жеткізіп жүрген баспасөз өкілі бұл жолы өзі де сайлау науқанына қатысып, азаматтық құқығын пайдаланды.Жалпы, сайлау күні қаладағы учаскелерде тұрғындардың белсенділігі байқалады. Таңертеңнен бастап дауыс беруге келген азаматтардың қатарында еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары мен жастар бар. Отбасымен бірге келіп, дауыс беруді азаматтық дәстүрге айналдырған тұрғындар да кездеседі.Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің қоғамдық өміріне араласуына мүмкіндік беретін маңызды науқан. Ал мұндай сәттерде ата-ана мен баланың бірге қатысуы азаматтық жауапкершіліктің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатынын аңғартады.