Қоғамның дамуы мен ел өміріндегі маңызды өзгерістерге әр азаматтың белсенділігі мен ортақ іске деген жауапкершілігі ықпал етеді. Әсіресе қоғамдық жұмыстарға араласып, ел мүддесіне қатысты мәселелерге үн қосып жүрген азаматтардың сайлау науқанына қатысуы маңызды.Осы ретте қоғам белсендісі, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Асхат Байдәулетов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде ол қаладағы өзекті мәселелерді талқылауға, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жеткізуге және қоғамдық бақылау жұмыстарына қатысып келеді. Мұндай қызмет азаматтық белсенділікті ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілікті де талап етеді.Дауыс бергеннен кейін Асхат Байдәулетов сайлаудың маңызы жөнінде пікір білдіріп, әр азаматтың өз таңдауын жасау арқылы ел өміріне қатысуының мәніне тоқталды.Сайлау – қоғамның ортақ болашағына қатысты шешімдерге азаматтардың қатысуына мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Сондықтан әрбір тұрғынның өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытуы қоғамдық жауапкершіліктің бір бөлігі саналады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған