Жаңақорған ауданында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласында табысты жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Саяжай мөлтек ауданында орналасқан жеке кәсіпкер Наурыз Айымбетовтің жылыжай шаруашылығы.

Кәсіпкер 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3,9 млн теңге көлемінде қаржы алып, кәсібін өз үйінің ауласынан бастаған.
Жобаның нәтижелі жүзеге асуының арқасында 2025 жылы аудан әкімдігі тарапынан «Саяжай» мөлтек ауданынан 1 гектар жер телімі берілген.

2026 жылы кәсібін кеңейту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген 9,8 млн теңге несие алып, жылыжай жұмысын жаңа деңгейге көтерген. Қазіргі таңда жылыжайда: қияр, қызанақ, болгар бұрышы өсірілуде.
Өндірілген өнімдер аудан аумағындағы сауда орындарына тұрақты түрде жеткізіліп, тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуде.
Өнімге деген сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жылыжай аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бүгін аталған нысанның жұмысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы танысып, мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесіне куә болды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған