Бүгін «Анаға тағзым» орталығында «Рухани келісім – бейбітшілік пен бірліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

18 қазан – Рухани келісім күніне орай өткізілген іс-шараның мақсаты – аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, қоғамды ортақ рухани құндылықтар төңірегінде топтастыру, этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау мәселелерін талқылау.

Басқосуға облыстық дін істері басқармасының басшысы М. Қазбекова, ҚР ҰҚК-нің терроризмге қарсы дайындық жөніндегі офицері Бауыржан Шоманов, PhD докторы, дінтанушы Бауыржан Ботақараев, теолог, дінтанушы Далелхан Оспанов және діни бірлестіктер клубының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында рухани келісімді қолдаудағы мемлекет пен діни институттардың рөлі, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністіктің маңызы талқыланды. Қатысушылар қоғамдағы татулықты сақтау, діни тұрақтылықты нығайту және ортақ құндылықтарды дәріптеу жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараның қорытындысы аймақтағы діни тұрақтылықты сақтауға және рухани келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азамат облыс әкімінің алғысымен марапатталып, ғалымдардың баяндамаларына негізделген оқыту курстарымен жалғасты.

Басқосудың негізгі түйіні – бейбітшілік пен бірлікті сақтау, қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайту баршамызға ортақ жауапкершілік екенін айқындау.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған