Қазалы ауданында өтіп жатқан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 103 жастағы София Сағымбай да өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытты.Ғасырдан астам уақыттың куәсі болған ақ жаулықты әжеміз Әйтеке би кентіндегі №362 сайлау учаскесінің комиссия мүшелерінің арнайы үйіне баруы арқылы дауыс беру құқығын жүзеге асырды.Зұлмат жылдардың ауыртпалығын бастан өткеріп, елдің қалыптасуы мен дамуы жолында талай тарихи кезеңнің куәсі болған София әже бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін жақсы біледі. Жүзден асқан жасына қарамастан, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқаннан қалыс қалмауы – кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге.Бес ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана бүгінде 16 немере, 15 шөбере және 5 шөпшектің қызығын көріп отырған аяулы әже. Ғасырлық ғұмырында ұрпақ өсіріп, өнегелі тәрбие берген ана үшін елдің амандығы мен келер ұрпақтың жарқын болашағы қашанда маңызды.

#ҚазалыАуданы#МәслихатСайлауы#29Қараша#ҚазалыСайлау

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған