Арал ауданында сауда инфра­құрылымы кеңейіп, тұрғындарға қызмет көрсететін жаңа нысандардың қатары артып келеді. Атап айтқанда ауданда «Сымбат-2» және «Шах» сауда үйлері іске қосылып, халық игілігіне қызмет көрсете бастады.

Жаңа сауда орындарында күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен түрлі тұтыну тауарлары ұсынылған. Бұл тұр­ғындардың қажетті тауарларға қолже­тім­ділігін арттырып, сауда жасауға қо­лай­лы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сауда нысандарының ашылуы – ауданның кәсіпкерлік саласындағы оң өзгерістердің көрінісі. Сонымен қатар, жаңа нысандар жергілікті экономиканың дамуына, халықты жұмыспен қамтуға және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.

Осылайша ауданда сауда сала­сын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, кәсіпкерлік бастама­ларға жол ашылуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған