Жаңа жылдан бастап жөргекпұл теңдей үлестірілмейді.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін бала туғандағы біржолғы жөргекпұл және жұмыс істемейтін аналарға төленетін ай сайынғы төлем отбасының нақты табысы мен мүлкіне қарай тағайындалады. Бұрынғыдай барлық азаматқа бірдей теңдей үлестіру тәжірибесі тоқтатылады.
Жұмыс істейтін аналарға жеңілдік жасалады. Декреттегі ана жұмысқа шықса да төлем тоқтатылмайды. Ресми жұмыс істейтін аналардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алатын төлемдері толық сақталады. Оған қоса енді аналар бала 1,5 жасқа толмай тұрып жұмысқа ерте шықса да, ай сайынғы төлем тоқтатылмайды.
Әкелерге төлем тағайындалмайды. Әкелерге төлем тағайындауды шектеу: Бала күтімі бойынша МӘСҚ-тан берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемді әкелердің атына рәсімдеу тоқтатылып, бұл құқық тек аналарға бекітіледі.
Зейнетақы субсидиясын алып тасталады. Декреттегі аналардың зейнетақы жарнасын мемлекеттік бюджеттен қосымша субсидиялау тоқтайды, ал БЖЗҚ-ға тек төлемнің өзінен ұсталатын 10% жарна аударылады.