Қала әкімі Серік Қожаниязовтың аралауы «Қарауылтөбе» ауылдық округінде жалғасты. Ауылдың 2024 жылға арналған бюджеті 168,9 млн. теңгеге жоспарланып, бүгінгі күні 172,3 млн. теңге болып бекітілді. Былтыр ауылда құны 286,3 млн. теңгені құрайтын 150 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Биыл ауылдық округті дамытуға барлық бюджет көздерінен құны 867,9 млн. теңгені құрайтын жүзеге асырылатын жобалар бар.

Жаңадан қоныстанушы аумақтың 12 көшесіне жаяу жүргіншілер жолының құрылысына республикалық бюджеттен 335,3 млн. теңгенің қазіргі таңда 28,8 млн. теңгесі келіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құны 353,0 млн. теңгеге ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын А.Иманов көшесі мен А.Иманов тұйығы-1, А.Құнанбаев тұйығына және А.Иманов пен Желтоқсан көшелерін байланыстыратын тұйыққа қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

107,1 млн. теңгеге 1,3 шақырымды құрайтын Жеңіс көшесі мен А.Құнанбаев көшесінің басы, Ж.Әбдіхалықов тұйығы және А.Құнанбаев пен Ж.Әбдіхалықов көшелерін байланыстыратын тұйықтарға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіледі.

Құны 33,8 млн. теңгеге 0,9 шақырымды құрайтын А.Иманов тұйығы-2 және Қырман маңындағы жолға қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда. 38,7 млн. теңгеге 0,3 шақырымды құрайтын Ж.Әбдіхалықов көшесінің бас жағы бөлігіне құрылыс жұмыстарын жүргізіледі.

Ауыл ақсақалдары қарқынды жүргізіліп жатқан нысандарды айтып, өздерінің алғыстарын білдірді. Дегенмен де ауыл тұрғындары көше жолдарын толық жөндеуді және жаңа амбулатория салынуын сұрады.

– Өзіңіз жақсы білесіз, біздің ауылымызды ғалымдар ауылы деп атап кеткен. Жасалып жатқан жұмыстардың барлығы көз алдымызда. Бір мәселе медициналық бекет, яғни амбулатория салып берсеңіздер. Күзге дейін пайдалануға беруге мүмкіндік жасасаңыздар.

– Облысымызда 27 амбулаториялық нысан салынып жатыр. Былтыр 27-нің 16-ы ел игілігіне пайдалануға берілді. Биыл «Баймұрат батыр» ауылында бір амбулатория ашылды. «Досан» ауылында да медициналық бекет ашылды. «Қарауылтөбе» ауылында медициналық бекет бойынша жер бөлінді. Бүгінде тиісті құжаттары әзірленуде. Биыл салып береміз деп өтірік айтпаймын,-деді Серік Қожаниязов.

Кездесу соңында қала әкіміне ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдіріп, ыстық лебіздерін жеткізді. Халықпен ашық, тығыз байланыс орнатқандығының өзі игі іс, деді ауыл ақсақалдары.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған