Мерекелік жиын барысында Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә. Шығамбаев сот жүйесінің мемлекет билігінің маңызды тармағы екенін айта келе, саладағы жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.
▪️Сонымен қатар, сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан ардагерлер, судьялар мен сот қызметкерлері марапатталды.
▪️Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасарының алғыс хатымен ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Елшібеков Бақытбек Есенгелдіұлы, Қызылорда қалалық сотының судьясы Садуакасова Кәмшат Әшімқызы, Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Асанова Мөлдір Әбдіғабпарқызы марапатталды.
▪️Сонымен қатар, отставкадағы судьялар Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлы, Ибрашев Мейрамбек Шамауұлы, Сайдуллаев Абдуллажан Сайджаппарұлы, Абдулла Абдрахман Алиаскарұлы, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Құтыбаев Ермек Рахымұлы Қызылорда облысының әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
▪️Салтанатты шара соңында қатысушылар үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер мен күмбірлі күйлер мерекелік кештің көркін келтіріп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бақытжан Қалымбет, Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші