▪️24 маусым – судья және сот қызметкері күні және Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жылдығы қарсаңында судьялар мен сот қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
▪️Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және командалық рухты нығайту.
▪️Спартакиада аясында қатысушылар шағын футбол және волейбол спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Жарысқа облыстық сот, қалалық және аудандық соттар мен мамандандырылған соттардан құралған «Айбын», «Барыс», «Сұңқар», «Қанағат» және «Найзағай» командалары қатысты.
▪️Жарыс барысында барлық командалар белсенділік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
▪️Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар табысталды.
Бақытжан Қалымбет, Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші