▪️ Қызылорда облыстық сотында «Судьяның қызметтік міндеттерін  атқару кезінде және қызметтен тыс қатынастарда әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
 
▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының судьясы, судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
 
▪️Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, судьяның қызметтік міндеттерін  атқару кезінде және қызметтен тыс қатынастарда әдеп нормаларын сақтаудың маңызына тоқталды.
 
▪️Сонымен қатар, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Р.Бегимбаев баяндама жасап, судья әдебіне қатысты мәселелерді тілге тиек етті.
 
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған