▪️Байқоңыр қалалық сотында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істердің материалдарын сотқа жолдау және  құқық қолдану практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 
▪️Іс-шараға сот төрағасы Ж.Үсен, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
 
▪️Дөңгелек үстел барысында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша материалдарды жинақтау, оларды сотқа жолдау тәртібі мен  жиі кездесетін мәселелер кеңінен талқыланды.
 
▪️Қатысушылар құқық қолдану практикасында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сотқа жолданатын материалдардың бірізділігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған