Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылындағы шекара бекетінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер сайлау учаскесіне бір мезетте келіп, өз таңдауларын жасады.

№111 сайлау учаскесіне әскери қызметшілер бір уақытта келіп, дауыс беруге қатысты.

Ел шебін күзетіп, тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген шекарашылар үшін де сайлау күні маңызды қоғамдық оқиға болды. Әскери қызметшілер өздерінің күнделікті міндеттерін атқара жүріп, азаматтық құқықтарын пайдаланып, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты таңдауын жасады.Бір мезетте сайлау учаскесіне келген шекарашылардың көрінісі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Ел шебін күзеткен азаматтар ел болашағына қатысты өз таңдауын да жасады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған