Шетелде білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтар да ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерден шет қалмай, өз азаматтық таңдауын жасап келеді.

Солардың бірі Махамбетжан Тілек Қалыбайұлы. Ол 2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап, білімін шетелде жалғастырған. Қазіргі таңда Түркияның Анкара қаласында тұрып жатқан отандасымыз Hacettepe University медицина факультетінде білім алды.

23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Тілек Қалыбайұлы Анкара қаласындағы №450 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

Елден жырақта жүрсе де, ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдірді. «Қай жерде жүрсек те, Қазақстанның болашағына қатысты таңдауымыз маңызды. Өз дауысым арқылы ел дамуына өз үлесімді қосуды азаматтық міндетім деп білемін», – дейді ол.Ел болашағы әр азаматтың таңдауынан басталады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған