Белгілі спортшы, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, халықаралық спорт шебері Бахтияр Ғарифоллаұлы Қызылорда қаласындағы №380 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз дауысын берді.Әйгілі боксшы өз сөзінде бұл саяси шараның мемлекет үшін тарихи маңызын айрықша атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қарсаңындағы үндеуінде бұл саяси науқанның ел болашағы үшін айрықша маңызын атап өтті.Құрылтай депутаттарын сайлау – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын жауапты кезең. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруге қатысып, өзінің конституциялық құқығы мен азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды.Науқанның заң талаптарына сай, жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету – баршамызға жүктелген ортақ міндет», – деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған