Елдің үлкені жиылған жұртқа амандық, халыққа бірлік, әр шаңыраққа береке тілеп, жас ұрпаққа ақ жолын арнады. Ұлттық киімдегі ақсақалдың батасы сайлау учаскесіндегі ерекше әрі әсерлі сәттердің біріне айналды.
Қазақ қоғамында ақсақалдың батасы қашанда айрықша мәнге ие. Үлкеннің ақ тілегін алу – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрі. Батада елдің тыныштығы, халықтың амандығы, ұрпақтың болашағы мен жұрттың бірлігі тіленеді.
Сайлау күнінде бұл дәстүрдің жалғасуы ұлттық құндылықтарымыздың заман талабымен сабақтасып жатқанын көрсетті. Ақсақалдың ақ батасы тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, маңызды күннің мазмұнын айшықтай түсті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған