Қызылорда өңірінде Құрылтай сайлауы заңнама талаптарына сай өткізілуде. Аймаққа халықаралық ұйымдардың ұзақмерзімді, қысқа мерзімді байқаушылар миссиясы және шетелдік байқаушылар қатысуда.
Облыста 17.00-дегі ақпарат бойынша 88 учаскеде халықаралық, 28 учаскеде шетелдік байқаушылар келіп, комиссия жұмысын бақылап, сайлаушылардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау барысын саралауда. Сонымен бірге республикалық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық бірлестіктердің 2034 байқаушысы, саяси партиялардың 1056 байқаушысы науқанға қатысып отыр. 369 партиялардың сенім білдірілген адамдары процестің ашықтығына бақылау жүргізуде. Қазіргі таңда байқаушылар тарапынан қандай да бір өрескел заң бұзушылықтар бойынша ескертпелер, актілер рәсімделмеді.
Заңға сәйкес, байқаушылар санау процесіне де қатысуға құқылы.