Қызылордада Құрылтай сайлауы заңнама талаптарына сай өткізілуде. Науқанда үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Комиссияның 2 мүшесі берілген өтініштерге сай азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыруда.

– Қазіргі таңда аймақ бойынша 3837 азамат үйден дауыс беруге ниет білдірді. Комиссия мүшелері тасымалданатын жәшікпен бірге өтініш иесінің үйіне барып дауыс беруді ұйымдастыруда. Мүгедектігі бар, учаскеге келуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың барлығы да таңдау жасауға құқылы. Барлық өтініш берген азаматтардың дауыстарын алуға міндеттіміз. Қазіргі таңда үйден дауыс беруге өтініш қалдырған сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерді,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған