Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруге құқығы бар 2 264 411 адам (17,96 пайыз) таңдауын жасап үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов айтты, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10.00 –дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:

Астана қаласы бойынша – 17,01%, Абай облысы бойынша – 17,35%, Ақмола облысы бойынша – 18,91%, Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%, Алматы облысы бойынша – 17,19%, Атырау облысы бойынша – 18,75%, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%, Жамбыл облысы бойынша – 18,25%, Жетісу облысы бойынша – 20,87%, Қарағанды облысы бойынша – 21,06%, Қостанай облысы бойынша – 17,92%, Қызылорда облысы бойынша – 22,91%, Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%, Павлодар облысы бойынша – 15,98%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%, Түркістан облысы бойынша – 20,39%, Ұлытау облысы бойынша – 19,41%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%, Алматы қаласы бойынша – 9,96%, Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.

– Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 17,96 пайызы. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де беріледі, – деді ол.

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар. Елімізде тарихи Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандатқа «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica — барлығы 7 партиядан 545 кандидат тіркелген.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған