Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы, №106 сайлау учаскесі Сайлау күні ІІІ Интернационал ауылындағы №106 сайлау учаскесінде түркі халықтарының дәстүрлі тағамдары ұсынылған ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде түрлі ұлттық тағамдар қойылып, ауыл тұрғындары бір-бірінің дәстүрі мен ас мәзірімен танысты. Бір дастарханға топтасқан түрлі дәмдер ауылдағы татулық пен мәдени әралуандықтың жарқын көрінісіне айналды.

ІІІ Интернационал ауылы – түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан елді мекендердің бірі. Мұндағы ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өзара сыйластық пен достықтың тағы бір мысалын көрсетті.

Бір ауылдың бір дастарханына жиналған түрлі дәм – татулықтың, бірліктің және өзара құрметтің белгісі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған