Сырдария ауданындағы №155 сайлау учаскесінің алдында «Домбыра үні» атты күй тартыс ұйымдастырылды.

Шара барысында өнерпаздар домбыраның құлағында ойнап, қазақтың дәстүрлі күйлерін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қасиетті қара домбыраның үні ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Күй тартыс барысында дәстүрлі өнерге деген құрмет танытылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше мән берілді.«Домбыра үні» шарасы сайлау күнінің мазмұнын ұлттық өнермен сабақтастырып, тұрғындарға ерекше әсер қалдырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған