Аудан тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, өздерінің азаматтық жауапкершілігін танытып, сайлауға белсенді қатысуда.

Әйтеке би кентіндегі Қазалы көлік-техникалық колледжінде орналасқан №92 сайлау учаскесінде сайлаушылардың қарасы қалың. Сайлау учаскесіне келген әрбір азаматқа дауыс беру тәртібі түсіндіріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Тұрғындардың белсенділігі олардың ел өміріндегі маңызды мәселелерге жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған