Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алмас Өтешов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Сырбойылық белгілі зілтемірші сайлаудың тарихи маңызына тоқталып, азаматтық ұстанымын білдірудің әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті.
«Құрылтай сайлауы – елімізде алғаш рет өтіп жатқан тарихи сайлау. Бұл – еліміз үшін маңызды тарихи күн. Осы сайлауға қатысып, өз азаматтық ұстанымымды білдіргеніме қуаныштымын!», – деді Алмас Дәулетярұлы.