МКК қазақстандықтарға ескерту жасады. Көліктер мен жүктер өткізілмейді.

Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесінде Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктері жабылады, – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
МКК қазақстандықтарға ауа райы жағдайын ескеріп, жүк тасымалдау маршрутын алдын ала жоспарлауға және өткізу пунктеріне брондалған күні келуге кеңес берді. Бұл шекарада көлік кептелісін болдырмау үшін маңызды.
Қазақ-қытай шекарасындағы пунктер арқылы жүк көліктерін өткізу CarGoRuqsat автоматтандырылған электронды кезек жүйесі арқылы жүргізіледі.
«Екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және 2024 жылғы 1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктері жұмыс істемейді. Бұл күндері адамдар, көліктер мен жүктер шекарадан өте алмайды. Бірақ қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істейді», – деп жазылған хабарламада.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған