Қызылорда облыстық филармониясы әлемді әнмен тербеген сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев есімімен аталатын болады. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 200-ден астам шығарманың, оның ішінде “Толғау” симфониясының, “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының, “О, дүние” кантатасының, “Жыл мезгілдері” романстар циклінің авторы.

“Гүлдер” ансамблінің, “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, «Қазақ теледидары» музыка редакциясының бас редакторы, Қазақстан мемлекеттік телерадиокомитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

Еңбектегі табыстары үшін «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Облыстық мәслихаттың өткен сессиясында облыстық қоғамдық даму басқармасының бұл ұсынысын облыстық маслихат депутаттары толық қолдап, республикалық ономастикалық комиссия қарауына жіберді.

Ән әлемінен мәңгілік өмірге көшкен К.Дүйсекеев өмірі өнердің өмір ұзақтығын аңғартса керек.

(Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған