Көкөністерді қысқа консервілеудің бірнеше негізгі әдісі бар. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі, сақтау мерзімі және дайындау тәртібі болады. Қыс мезгіліне құнарлы өнімдерді тиімді пайдаланудың бірнеше әдістерін ұсынамыз. Оларға маринадтау әдісі, тұздау және ашыту әдісі, бұқтырып консервілеу, тұздық дайындау, мұздату әдісі жатады. Қыс мезгілінде құнарлы әрі тиімді тағам әзірлеу үшін жекелей тоқталамыз.
МАРИНАДТАУ ӘДІСІ
Сірке суы, тұз, қант және дәмдеуіштер қосылады. Қияр, қызанақ, болгар бұрышы, кәді ассорти жабуға қолайлы.
Маринадталған қияр

1 литрлік банкаға қажетті қоспалар:
Қияр – 500–600 г., сарымсақ – 2 түйір, аскөк – 1 бұтақ, қара бұрыш – 5–6 түйір, лавр жапырағы – 1 түйір.
Маринад құрамы: 1 литр су, 2 ас қасық тұз, 3 ас қасық қант, 100 мл9% сірке суы.
Дайындау жолы:
1. Қиярды жуып, 2–3 сағат салқын суға салып қойыңыз.
2. Банканы жуып, залалсыздандырыңыз
3. Түбіне аскөк, сарымсақ, бұрыш және лавр жапырағын салыңыз
4. Қиярды тығыздап орналастырыңыз
5. Үстіне қайнаған су құйып, 10 минут ұстаңыз
6. Суды төгіп, тұз бен қант қосылған жаңа маринадты қайнатыңыз
7. Сірке суын қосып, маринадты банкаға құйыңыз.
8. Қақпағын жауып, қайнаған су моншасында өңдеңіз
Маринадталған қызанақ

1 литрлік банкаға:
Қызанақ – 500–600 г., сарымсақ – 2 түйір, аскөк – 1 бұтақ, қара бұрыш – 5 түйір.
Маринад: тұз, қант және сірке суы.
1. Қызанақтарды жуыңыз
2. Залалсыздандырылған банкаға дәмдеуіштерді салыңыз
3. Қызанақтарды салыңыз
4. Қайнаған маринадты құйыңыз
5. Банканың қақпағын жабыңыз
Көкөніс ассортиі

Құрамы: Қияр, қызанақ, болгар бұрышы, сәбіз, гүлді қырыққабат, сарымсақ, аскөк.
Көкөністерді жуып, турап, банкаларға салыңыз. Маринадты банка көлеміне сәйкес әзірлеп, құйыңыз.
ТҰЗДАУ ЖӘНЕ АШЫТУ ӘДІСІ
Тұздың көмегімен табиғи сүтқышқылды ашу жүреді. Қырыққабат, қияр, қызанақ дайындауға болады.
Тұздалған қырыққабат

Қажетті заттар:
Қырыққабат – 1 кг., сәбіз – 100 г. тұз – 20 г (йодталмаған).
Дайындау жолы:
1. Қырыққабатты майдалап тураңыз
2. Сәбізді үккіштен өткізіңіз
3. Тұз қосып, шырыны шыққанша қолмен езгілеу қажет
4. Таза банкаға тығыздап салыңыз
5. Қырыққабаттың шырыны үстінен жауып тұруы керек
6. Бөлме температурасында шамамен 3–5 күн ащытыңыз
7. Күніне бірнеше рет таза құралмен газын шығарыңыз
8. Ащу процесі аяқталған соң тоңазытқышта сақтаңыз.
Тұздалған қияр

Қажетті заттар:
Қияр – 1 кг., су – 1 литр, тұз – 50–60 г., аскөк – 2 бұтақ, сарымсақ – 3 түйір, желкек жапырағы.
Дайындау жолы:
1. Қиярды жуып, салқын суға 2 сағат салып қойыңыз
2. Банканың түбіне аскөк пен сарымсақ салыңыз
3. Қиярды салыңыз
4. Суға тұзды ерітіп, қиярдың үстіне құйыңыз
5. Қияр толық тұздықтың астында тұруы керек
6. 2–4 күн ащытыңыз
7. Дәмі қышқылданған соң тоңазытқышқа қойыңыз.
Тұздалған қызанақ

Қажетті заттар:
Қызанақ – 1 кг., су – 1 литр, тұз – 50 г. сарымсақ – 3 түйір, аскөк – 2 бұтақ, қара бұрыш – 5 түйір.
Дайындау жолы:
1. Қызанақты жуып, бүтіндерін таңдаңыз
2. Банканың түбіне дәмдеуіштерді салыңыз
3. Қызанақтарды салыңыз
4. Тұзды су дайындап, құйыңыз
5. Қызанақ тұздықтың астында тұруы қажет
6. Ашу әдісі басталғанда газ бөлінуі қалыпты 7. Дәмі қалыптасқан соң тоңазытқышқа қойыңыз
БҰҚТЫРЫП КОНСЕРВІЛЕУ
Көкөністер маймен немесе өз шырынымен бұқтырылып, дайын күйінде банкаларға салынады. Лечо, баклажан салаты, кәді уылдырығы. Бұл әдіспен көкөністерді алдын ала қуырып немесе бұқтырып, дайын салат, тұздық, уылдырық түрінде қыстыққа дайындайды.
Лечо – қыстық салат

Қажетті өнімдер:
2 кг. болгар бұрышы, 2 кг. қызанақ, 500 г. пияз, 500 г. сәбіз, 150 мл. өсімдік майы, 100 г. қант, 40 г. тұз, 200 мл 5% сірке суы.
Дайындау жолы:
1.Қызанақты еттартқыштан өткізіңіз немесе ұсақтап тураңыз
2. Болгар бұрышын ұзынша етіп тураңыз
3. Пиязды жартылай сақина түрінде тураңыз
4. Сәбізді ірі үккіштен өткізіңіз
5. Қазанға өсімдік майын құйып, пияз бен сәбізді аздап қуырыңыз
6. Қызанақты қосып, 15 минут бұқтырыңыз
7. Бұрышты, тұз бен қантты қосыңыз
8. Баяу отта көкөністер жұмсарғанша пісіріңіз
9. Сірке суын қосып араластырыңыз.
Баклажан уылдырығы

Қажетті өнімдер:
Баклажан – 2 кг., қызанақ – 1 кг., болгар бұрышы – 500 г., пияз – 500 г., сәбіз – 300 г. сарымсақ – 1 бас, өсімдік майы – 150 мл., тұз – дәміне қарай.
Дайындау жолы:
1. Баклажанды текшелеп тураңыз
2. Пиязды майға қуырыңыз
3. Үстіне сәбіз бен бұрышты қосыңыз
4. Қызанақты салып, бұқтырыңыз
5. Баклажанды қосыңыз
6. Баяу отта көкөністер толық жұмсарғанша пісіріңіз
7. Сарымсақ пен тұз қосыңыз
8. Блендермен біркелкі массаға келтіруге болады.
Кәді уылдырығы

Бұл – нанға жағып жеуге де, ет тағамдарына қосымша гарнир ретінде ұсынуға да болатын дәмді көкөніс тағамы.
Қажетті өнімдер
2 кг. кәді, 400 г. сәбіз, 400 г. пияз, 500 г. қызанақ, 300 г. болгар бұрышы, 4 түйір сарымсақ, 150 мл. өсімдік майы, 30 г. тұз, 30 г. қант, дәміне қарай қара бұрыш.
Дайындау жолы
1. Кәдінің қабығы қатты болса аршыңыз, дәні үлкен болса алып тастаңыз
2. Кәдіні текшелеп тураңыз
3. Сәбізді үккіштен өткізіңіз
4. Пияз бен бұрышты майдалап тураңыз
5. Қазанға май құйып, алдымен пияз бен сәбізді қуырыңыз
6. Болгар бұрышын қосыңыз
7. Кәді мен қызанақты салыңыз
8. Баяу отта көкөністер жұмсарғанша бұқтырыңыз
9. Тұз, қант, сарымсақ қосыңыз
10. Блендермен біркелкі массаға келтіріңіз
11. Тағы бірнеше минут қыздырып, оттан алыңыз
Қысқы көкөніс салаты

Бұл салатта көкөністердің әрқайсысы өз дәмін сақтайды. Ет тағамдарына, картопқа жақсы үйлеседі.
Қажетті өнімдер
1 кг. қияр, 1 кг. қызанақ, 500 г. болгар бұрышы, 300 г. сәбіз, 300 г. пияз, 150 мл. өсімдік майы, 40 г. тұз, 100 г. қант, 200 мл. 5% сірке суы. Дайындау жолы
1. Барлық көкөністі жақсылап жуыңыз
2. Қиярды дөңгелектеп немесе жартылай дөңгелектеп тураңыз
3. Қызанақты бөліктерге бөліңіз
4. Бұрышты ұзынша тураңыз
5. Сәбізді үккіштен өткізіңіз
6. Пиязды жартылай сақина етіп тураңыз
7. Барлығын үлкен қазанға салыңыз
8. Май, тұз, қант қосып араластырыңыз
9. Баяу отта көкөністер жұмсарғанша бұқтырыңыз
10. Сірке суын қосып араластырыңыз.
Үй аджикасы – қызанақ пен болгар бұрышынан

Бұл аджиканы етке, сорпаға, макаронға және басқа тағамдарға қосуға болады.
Қажетті өнімдер:
2 кг. қызанақ, 1 кг. болгар бұрышы, 100 г. ащы бұрыш, 200 г. сарымсақ, 500 г. сәбіз, 500 г. алма, 50 г. тұз, 100 г. қант, 150 мл. өсімдік майы.
Дайындау жолы
1. Барлық көкөністі жуып тазалаңыз
2. Қызанақ, болгар бұрышы, сәбіз және алманы тураңыз
3. Еттартқыштан өткізіңіз
4. Қоспаны үлкен қазанға құйыңыз
5. Баяу отта қоюланғанша қайнатыңыз
6. Тұз, қант және май қосыңыз
7. Сарымсақ пен ащы бұрышты ұсақтап қосыңыз
8. Дәмін реттеңіз.
ТҰЗДЫҚ ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
Бұл әдіспен қыста сорпаға, етке, макаронға және басқа тағамдарға қосатын табиғи өнімдер дайындаймыз.
Үй қызанақ шырыны

Қажетті өнімдер:
Қызанақ – 5 кг
Тұз – 1 ас қасық
Қант – 1–2 ас қасық
Дайындау жолы:
Қызанақты жақсылап жуыңыз
Сабақ тұсын алып тастаңыз
Бірнеше бөлікке бөліңіз
Еттартқыштан немесе шырынсыққыштан өткізіңіз
Шырынды қазанға құйыңыз
Қайнаған соң көбігін алыңыз
Баяу отта 15–20 минут қайнатыңыз
Тұз бен қант қосыңыз
Дәмін реттеңіз
Сақтау: бөлме температурасында сақтау үшін қышқылдығы мен өңдеу уақыты тексерілген рецепт қажет. Бұл уақыт өздігінен қауіпсіз консервілеуге кепілдік бермейді.
Үй томат пастасы

Дүкендегі томат пастасының орнына қолдануға болатын қою, табиғи өнім.
Қажетті өнімдер
Қызанақ – 5 кг
Тұз – 1 ас қасық
Дайындау жолы:
Қызанақты жуып, бөліктерге бөліңіз
Еттартқыштан өткізіңіз
Қазанға құйып, 20–30 минут қайнатыңыз
Сәл суыған соң електен өткізіп, қабығы мен дәнін бөліңіз
Қайтадан қазанға құйыңыз
Баяу отта қоюланғанша араластырып пісіріңіз
Тұз қосыңыз Қою паста дайын болғанда оттан алыңыз
Үй кетчупі

Қажетті өнімдер:
3 кг қызанақ
300 г пияз
300 г алма
150 г қант
30 г тұз
150 мл5% сірке суы
½ шай қасық даршын
½ шай қасық қара бұрыш
3 түйір қалампыр
Дайындау жолы
Қызанақты, алманы, пиязды тураңыз
Барлығын қазанға салыңыз
Баяу отта жұмсарғанша пісіріңіз
Блендермен ұсақтаңыз
Електен өткізіңіз
Қант, тұз және дәмдеуіштерді қосыңыз
Қоюланғанша баяу қайнатыңыз
Сірке суын қосып араластырыңыз
Мұздату әдісі
Көкөністер жуылып, туралып, порцияларға бөлініп мұздатылады. Бұрыш, қызанақ, сәбіз, брокколи, кәді, баклажан, жүгері, саңырауқұлақ, жүгері, гүлді қырыққабат қолайлы.
Болгар бұрышын мұздатудың үш тәсілі

Бірінші тәсіл сорпаға арналған.
Ұсақ текшелерге тураңыз
Порцияларға бөліңіз
Пакетке салып мұздатыңыз
Екінші тәсіл фаршталған бұрышқа арналған
Бұрыштың ішін тазалаңыз
Бүтін күйінде мұздатыңыз
Бірінің ішіне бірін кіргізіп сақтауға болады
Үшінші тәсіл – салат пен қуыруға арналған
Ұзынша тураңыз
Аз мөлшермен бөліп қойыңыз
Мұздатқышқа салыңыз
Қызанақты езбе түрінде мұздату

Қызанақты жуып, бөліктерге бөліңіз
Блендермен езіңіз
Мұзға арналған қалыптарға құйыңыз
Қатырып болған соң пакетке ауыстырыңызҚыста сорпаға, тұздыққа, етке қосуға болады.
Көк шөптерді мұздату

Аскөк, ақжелкен, кинзаны осылай сақтауға болады:
Көк шөптерді жуып, толық құрғатыңыз
Ұсақтап тураңыз
Мұз қалыптарына салыңыз
Үстіне аздап су құйыңыз
Мұздатып, дайын текшелерді пакетке салыңыз.
Қыстыққа дайын көкөніс қоспаларын жасау
1. Сорпаға арналған қоспа
Сәбіз
Пияз
Болгар бұрышы
Аскөк
2. Палауға арналған қоспа
Сәбіз
Пияз
Болгар бұрышы
3. Борщқа арналған қоспа
Қызылша
Сәбіз
Пияз
Қызанақ
4. Көкөніс бұқтыруға арналған қоспа
Баклажан
Кәді
Бұрыш
Қызанақ
Қоспаларды бір рет қолданатын мөлшермен бөліп мұздатыңыз. Қайнатылатын тағамға көбіне ерітпей-ақ қосуға болады.