2025 жылы 1 шілдеден бастап еліміздедербес Кассациялық соттар құрылған болатын.
Дербес деп аталуының өзінің мәні бар. Себебі осыған дейін кассациялық сот саты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының құрамында болып келсе, өткен жылдан бастап бұл сот сатысы жеке болып жұмыс жасап келеді. Яғни Жоғарғы Соттың құрамындағы алқа емес.
Аталған сотсатысы –төменгі сатының сот шешімдерінің материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылуын қайта қарайды. Негізгі мақсаты – заңнаманы біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету және сот қателіктерін түзету.
Кассациялық соттар еліміздің бас қаласы Астанада азаматтық, қылмыстық, әкімшілік болып құрылды және осы юрисдикциялар бойынша мамандана отырып, төменгі саты соттарының сот актілерін кассациялық шағым негізінде қарайды.
Сонымен,Кассациялық соттар келесідей функцияларды іске асырады:
– төмен тұрған соттардың сот актілерінің заңдылығын жəне негізділігін тексеру;
– құқық нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету;
– жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінқорғау;
– сот тəжірибесін бақылау жəне талдау арқылы сот шешімдерінің сапасынарттыру.
Кассациялық соттың ашылуы ел үшін бірқатар маңызды артықшылықтарғаие болып келеді. Атап айтқанда халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, əділеттілікті, ашықтықты, тиімділікті жəне сот шешімдерінің сапасын қамтамасыз ету, сот қателіктерін азайту жəне құқық қолданудағы кемшіліктерді түзету мүмкіндігін беру, сондай-ақ шешімдерді жоғары сатыда қайта қарау мүмкіндігі арқылы сот қорғауының тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар, бұл жаңашылдық негізінде істерді кассациялық тәртіпте қарауға жіберу немесе бас тарту сынды алдынала қарау жүйесі жойылды. Осыған дейін төменгі сатыдағы соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне келіп түскен шағымдар алдымен алқа судьяларыменалдын ала қаралып, тек кейбірі ғана кассациялық қарауға жіберілетін. Бұл жаңашылдықтың басты артықшылығы – əрбір кассациялық шағым міндетті түрде қаралады.
Алдағы уақытта кезең-кезеңімен барлық азаматтық және қылмыстық іс санаттары кассациялық сатыда қаралу күтілуде. Бұған дейін әкімшілік әділет шеңберінде әкімшілік істердің ғана бүкіл санаттары Жоғарғы Соттың кассациялық алқасында қаралып келген.
Дербескассациялық соттарды құру жəне жаппай кассацияны енгізу кассациялық қайта қарау кезеңінде заңды күшіне енген сот актілеріне қолжетімділікті арттырады. Бұл өз кезегінде бірінші жəне апелляциялық инстанция судьяларының шешімдері үшін жауапкершілігін күшейтіп, істерді қарау сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Дегенмен бұл өзгерістердің өмірге келуі – Жоғарғы Соттың жұмысын жеңілдетті деуге келмейді.
Жоғарғы Сот өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын, сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; сондай-ақ нормативтік қаулылар, қаулылар қабылдайды.
Қазақстан Республикасында кассациялық сатыны құру –еліміздің халықаралық құқықтық стандарттарға белсенді қатысатынын, құқық үстемдігі принциптерін сақтайтын мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықта беделін нығайтуға ықпалетеді. Себебі бұл жүйе алыс-жақын шетелдерде бұрыннан қалыптасқан және халықаралық деңгейде жоғарғы бағасын алған.
Азат Абдразахов
Қызылорда қалалық сотының судьясы.