Еңбек адамы, есімі күрішші ретінде, онда да егістің әр гектарынан 70-100 центнерден күріш жинап, өзінің ғана емес, туған өлкесінің де атын бүкіл елге танымал етті. Шіркейлі ауылының күріш алқаптарындағы ғана емес, жалпы аймақтың экономикалық, әлеуметтік әлеуеті артуы үшін де тынымсыз еңбегі үшін “Еңбек Қызыл Ту”, екі мәрте “Ленин” ордендерімен, “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Тың жерлерді игергені үшін” медальдарымен марапатталған Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ХІІ, ХҮ съездері делегаты Балдырған Мұстафаева есімі Сырдария аграрлы-техникалық колледжіне берілетін болды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұсынысымен ономастикалық комиссия талқылауынан өтіп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына жеткен бұл ұсынысты облыстық маслихат депутатары бірауыздан қолдап, республикалық ономастикалық комиссия қарауына жіберілді.

Б.Мұстафаева – ерен еңбектің үлгісі. Б.Мұстафаева – еңбек адамының есімі ұмытылмайтынының, ісі өлмейтінінің жарқын көрінісі. “Еңбек етсең ерінбей, еңбегің қалмас еленбей”.

(Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған