НӘЛІБАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАП ЖҮР…

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Асқарбек Есжановпен бірге бірқатар нысандарды аралады.

Ең алдымен Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік инфрақұрылым құрылысы жұмыстарымен танысты.

Халықтың өсу тенденциясына орай тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін сұрау өтініштері күннен күнге өсуде.

Осыған орай 2017 жылы Жалағаш кенті, «Ақтерек»-170 гектарға түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының тұрғын үй құрылысы екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылыстарымен ұсынылған және 170 га аумақты қамтиды. Бұдан соң Серік Салауатұлы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салу жобасымен, Жалағаш кентіндегі емдеу мекемелеріне кәріз жүйесін салу жобасымен танысып, аудан әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында ішкі істер саласының ардагері Бейбітжан Шаханов елді мекендердің учаскелік полиция инспекторларын тұрғын үймен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етсе, Таң ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жалғас Өмірбаев елді мекен тұсына жылдамдық өлшегіш камераларын және жылдамдықты шектейтін жол белгілерін орнатса деген ұсыныс айтты.

Сонымен қатар Аққыр ауылы бағытындағы автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық клуб салу, мектептерге полиция инспекторы штатын қайтадан қарастыру, Ақсу ауылын газдандыру, Қаракеткен ауылындағы электр желілерін күрделі жөндеу туралы мәселелерін жеткізді.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша Қармақшы ауданы тұрғындарына қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелерімен қоса ІІІ Интернационал ауылдық округінің жер мәселесі және Төретам кентіндегі санитарлық тазалық жұмыстары, Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ құбырын тарту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныс-пікірлер айтылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме жүргізді. Қабылдауда айтылған әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, тиісінше жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.

Сондай-ақ, қабылдауға қатысқан құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында құқықтық кеңестер берді.

Қоғамдық қабылдаудан кейін Серік Салауатұлы Жосалы кентіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Тайшық би көшесіндегі «Сыр сүлейлері» аллеясы мен «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылған Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің құрылыс жұмыстарымен, сонымен қатар Жосалы кентінде салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстарымен танысты.

Нысандарды аралау барысында С.Қожаниязов өскелең ұрпақтың игілігіне арналған жұмыстарды сапалы жүргізуге аса мән беру керектігін айтып, мердігерлерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған