Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше елді мекендегі әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне қатысады.
Жол бойы Нұрлыбек Машбекұлы Сырдария өзеніндегі су деңгейін тікұшақтан бақылап, дайындық жұмыстарымен танысты.
Еске салсақ, жуырда облыс әкімдігінде су тасқынының алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жалпы облыс аумағында 29 ықтимал су басу аймағы анықталған. Бұл аймақтарға қала және аудан әкімдіктері 364 арнайы техника және 1 102 адам күші бар 116 жауапты мекемені бекітті. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісім-шартқа сәйкес 1 тікұшақ дайындыққа келтірілген. 2024 жылға мұз жаруға және қап алуға облыс бюджетінен 14,8 млн. теңге бөлінді. Қала және аудан әкімдіктерінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, су тасқынына қарсы пайдаланылатын материалдық-техникалық қорда 117,9 тонна жанар-жағармай және 139 902 дана қап сақтаулы. Сондай-ақ, 17 710 бау қамыс, 5 865 дана пашын және 2 381 дана қарабура мен т.б. қажетті материалдар қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 59 жинақтау және 69 қабылдау эвакуациялық пункті дайын.
Аймақ басшысы өзендегі жағдайды күнделікті бақылауда ұстап, тиісті дайындық жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған