Жалпы қайсыбір салада болмасын еңбек етіп, тер төгіп бейнет жасаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Әсіресе жыл мезгілімен, тәулік уақытымен санаспайтын, еңбек өтілінің бәрін дерлік, ғұмырының бір бөлігін вахталық режимде еңбек етуге арнаған, отбасынан сырт жүріп елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосқан мұнай саласының еңбек адамдары үшін тіпті бөлек сезім. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір сүрген адамның мақтанышты көңіл-күйіне толы болса да, оның жұмыс ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады.

Осы аптаның сәрсенбісі күні жұмысшыларының, қызметкерлерінің маңдай терін, олардың компанияның өсіп-өркендеуіне жұмсаған қажыр-қайратын қай кезде де бағалай білетін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы бірқатар еңбек адамдарын құрметті демалысқа шығарып салды. Айтпақшы бұл іс-шара басы алдымен ұзақ жылдар бойы осы компанияда аянбай еңбек етіп, зейнетке шыққан, бүгінде 70- 80 жасқа жеткен мерейтой иелерін құттықтаудан басталды. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өз жұмысшы қызметкерлеріне деген тағы бір құрметі олар зейнетке шықса да компания тарапынан ұмыт қалмайтыны. Әр кез осындай қуанышты сәттерінде компанияның олардың қуанышына ортақтасатыны. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның вице-президенті Болат Елеуұлы Көшербаев мерейтой иелерін мерейтойларымен құттықтады.

Құттықтау сөзден кейін Болат Көшербаев мерейтой иелерін құттықтап сый-сыяпат берді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның вице-президенті Болат Елеуұлы Көшербаев:

Адал мұнайшыларды компания әркез құрметтейді

– Алдымен өздеріңізді еліміздің қуанышты сәттерінің бірі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Ұзақ жылдар бойы қысы-жазы тоңдым, күйдім демей суыққа да, ыстыққа да төзіп, мұнай саласының дамуына үлес қосып еткен еңбектеріңіздің қайтарымы ретінде зейнет демалысына шыққандарыңыз құтты болсын. Ендігі жерде еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай, немере, шөберенің ортасында ардақты ата, аяулы әже болып жүре беріңіздер. Шындығын айту керек, отбасымен бірге серуендеуге, демалуға көп мүмкіндік бола қойған жоқ. Сондықтан да ғұмырларыңыздың жаңа бір кезеңі құтты болсын. Жұмыс, қызмет барысында көрген бейнеттеріңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып, денсаулық, бақыт, байлық алып келсін. Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректің ғұмырындай ғұмыр тілеймін.

Мерейтой иелері

80 жас мерейтой иелері Сексенбаева Күлпаршын, Цой Светлана Петровна, 70 жас мерейтой иелері Байғараев Рахымбек, Досжанов Ерден, Рақманова Нағима, Раманқұлов Мәделхан, Сералиев Әскербай, Сәрсембаев Тынысбек, Тарасенко Анатолий Анатольевич.

Бүгінгі таңда «ПетроҚазақстан» компаниясының зейнеткерлер саны 241 адамды құрап отыр. Биыл «ПетроҚазақстан» компаниясының 41 жұмысшы қызметкері құрметті еңбек демалысына шықты.

Мұнан кейін біршама еңбек адамдары Алғыс хатпен марапатталды.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның басшылығының Алғыс хатымен марапатталғандар

Аблаева Жанар Сұлтанқызы-басқарма төрағасы бірінші-көмекшісінің лауазымдық өкілеттіктерін лауазымдық нұсқаулыққа толық сәйкес адал, бастамашылдықпен жоғары кәсіби деңгейде атқарып келді. Еңбек өтілі 26 жыл.

Алмағанбетов Ережеп-«ПетроҚазақстан» компаниясында 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өзін жауапты жұмыскер, білікті маман ретінде көрсете білді.

Атабаев Ерназар Бекназарұлы-соңғы жылдардағы қызметі елді мекендерді көркейтуші. Компаниядағы еңбек өтілі 31 жыл.

Ахметқалиев Алмас Мұсаұлы– 1-ші дәрежелі қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері қызметін атқарды. Еңбек өтілі 11 жыл.

Ахтаров Бақтыбай Ақжігітұлы-елді мекендерді көркейтуші қызметін атқарды. Еңбек өтілі 29 жыл.

Әукенов Серік Бабаұлы-материалдық ресурстар басқармасында учаске шебері болып жұмыс жасады. Еңбек өтілі 27 жыл.

Байбазаров Нұрлан Асқарбайұлы-6-разрядты компрессор қон-ырғылардың машинисі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 21 жыл.

Батрашев Орынбай Саилиханұлы-сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 4-разрядты операторы қызметін атқарды. Еңбек өтілі 27 жыл.

Бесбаев Мейірбек Оразбекұлы– сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 5-разрядты операторы қызметін атқарды. Еңбек өтілі 34 жыл.

Искак Бейбіт Мырзабекұлы-5-дәрежелі жұмыс агентін жер қабаттарына айдау жөніндегі сорғылар станциясының машинисі болып жұмыс жасап келді. Еңбек өтілі 19 жыл.

Заика Михаил Михаилович– еңбек өтілі 27 жыл.

Достанбаев Арыстан Сүйінұлы-құрылысты қадағалау жөніндегі жетекші инженері болып жұмыс жасап келді. Еңбек өтілі 35 жыл.

Жармаханов Әбдімүтәліп Исабекұлы-техникалық қызмет көрсету бөлімінің сапаны бақылау жөніндегі жетекші инженері болып жұмыс жасады. Компанияда жұмыс атқарған жылдары және қоғамдық қызметтерінде адал қызметі үшін бірнеше мәрте марапатталды. Еңбек өтілі 36 жыл.

Жүнісов Кенжебек Жұманазарұлы-еңбек жолын Қызылорда 6-шы жылу электр орталығында қазандық машинисінен бастады. Еңбек жолының соңғы 21 жылын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясында газды пайдаға газ шаруашылығының менеджері қызметін абыроймен атқарып келді.

Жылқаманов Серікбек Пакратдинұлы-сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы қызметін атқарды. Еңбек өтілі 36 жыл.

Қуанышева Гүлнәр Арғынбайқызы-жобалау департаментінде топ жетекшісі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 31 жыл.

Қалмаханов Абдрахман Серғазыұлы– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 1-дәрежелі инженер болып 32 жыл қызмет атқарды.

Құлсартова Маржан Сағымбайқызы– қаржы департаментінде аға экономист болып абыроймен жұмыс атқарып келді. Еңбек өтілі 28 жыл.

Қарымсақов Бақыт Тәжібекұлы-техникалық қызмет көрсету бөлімінің 1-дәрежелі инженер-технолог болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 27 жыл.

Қонқабаев Жұмағали Шадаұлы-елді мекендерді көркейтуші болып жұмыс жасады.

Мырзалы Кенжетай Іздібайұлы – материалдық ресустар басқармасында қойма меңгерушісі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 26 жыл.

Нұрқышев Әділбек Жанәбілұлы-компаниядағы еңбек жолын слесарь-жөндеуші қызметін бастап техникалық қызмет көрсету бөлімінің топ жетекші қызметіне жоғарылаған болатын. Еңбек өтілі 19 жыл.

Оспанов Нұртас Дүйсенұлы-материалдық ресурстар басқармасының 5-разрядты жүк ілдеруші қызметін атқарды. Еңбек өтілі 19 жыл.

Приходько Владимир Павлович-еңбек өтілі 36 жыл.

Төкешов Әжімұрат Байзақұлы-материалдық ресурстар басқармасының 5-разрядты тиеуіш жүргізушісі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 16 жыл.

Төлепов Әділбек Қалманұлы-6-разрядты компрессор қондырғылардың машинисі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 28 жыл.

Шамаханов Ерлан Аханұлы-шаруашылық тобында елді мекендерді көркейтуші қызметін атқарды. Еңбек өтілі 24 жыл.

– Мен техникалық қызмет көрсету бөлімінің сапаны бақылау жөніндегі жетекші инженері болып жұмыс жасадым. 37 жыл еңбегім сіңді. Жұмысқа 27 жасымда келдім. Қазіргі таңда 64 жастамын. Аграрлық облыстан мұнайлы өлкеге айналдық. Зейнетке шығып жатқан барлық әріптестерімді құттықтаймын,-дейді еңбек демалысына шыққан Әбдімүтәліп Жармаханов.

Зейнетке шыққан еңбек адамдарына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кәсіподақ комитетінің төрайымы Мұқашева Бақытжан Қасым­жанқызы өзінің жылы лебізін білдірді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның құрметті демалысқа шығарып салу іс-шарасы қайырымдылық акциясымен өз жалғасын тапты. ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Петро­Қазақстан» компаниясының зейнеткерлеріне азық-түліктей көмек көрсетілді.

Мұхаммедшах Каюп

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған