Республикалық бюджеттен облысқа берілетін субвенция көлемі 2023 жылғы 400,5 млрд теңгеден 2024 жылы 433,0 млрд теңгеге немесе 32,5 млрд теңгеге артты.

Бюджет құрамында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттердің сомасы 2024 жылға 99,8 млрд.теңгені құрайды. Оның ішінде, ағымдағы нысаналы трансферттер 15,4 млрд.теңгені, даму трансферттері 66,3 млрд.теңгені, кредиттер 18,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл 2023 жылдың бекітілген бюджетіндегі республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен кредиттер көлемімен (53,1 млрд.теңге) салыстырғанда 45,7 млрд. теңгеге артып отыр.

Осылайша, 2024 жылға облыс бюджетінің бекітуге ұсы[1]нылып отырған көлемі 650 млрд.теңгені құрайды. Бұл 2023 жылға бекітілген (536,9 млрд.теңге) көлемнен 113,1млрд. теңгеге немесе 21 пайызға ұлғайып отыр.

Облыс бюджетінің басым бағыты халықтың өмірі мен әл-ауқатын одан әрі арттыру болып отыр. Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға негізделген бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды.

2024 жылға облыс бюджетінің құрамында әлеуметтік саланың үлесі 389,2 млрд.теңгені немесе жалпы шығындар көлемінің 60 пайызы шамасында. Оның ішінде білім саласы 265,7 млрд.теңге, денсаулық сақтау саласы 30,0 млрд. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 43,4 млрд.теңге және де мәдениет, спорт салалары 50,1 млрд.теңге көлемінде құралып отыр.

2024 жылға арналған облыс бюджетінің ерекшеліктері:

– «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасына сәйкес аудандық ауруханаларды заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыруға және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін медициналық техниканы сатып алуға (3,5 млрд.теңге);

– көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға (6,1 млрд.теңге);

– «Ауыл ел – бесігі» жобасы шеңберінде көшелерді орташа және күрделі жөндеуге, әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеуге бағытталған 24 жобаны іске асыруға (5,4 млрд.теңге);

– мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және мектеп алды даярлық топтарындағы педагогтердің еңбекақысын 30 пайызға ұлғайтуға (6,5 млрд теңге);

– қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын полиция департаментінің 1471 аттестатталған құрамының лауазымдық жалақыларына 30 пайыз үстемақы төлеуге (845,5. млн.теңге);

-«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы шеңберінде 18 бірлік учаскелік полиция инспекторларына автокөлік сатып алуға, Жедел басқару орталығының 48 бірлік камераларын жаңартуға (588,2 млн.теңге);

-мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты орналастыруға (9,1 млрд. теңге) қаржылар жоспарлануда.

Сонымен қатар облыс бюджетіндегі даму бюджетінің үлесі 2023 жылдың бекітілген бюджетінде 75,8 млрд.теңгені құраса, 2024 жылы 136,4 млрд.теңгеге жетіп отыр. Бұл қаржылар есебінен облысымызда тұрғын үй құрылысын жүргізуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, көлік инфрақұрылымын дамытуға, газбен, сумен, электрмен жабдықтауға бағытталған жобаларды қаржыландыру жоспарлануда.

2023 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында аймағымызда 10 мектептің құрылысын жүргізуге 19,6 млрд. теңге бөлінген болатын. Ал 2024 жылы осы 10 мектептің құрылысын жалғастыруға және жаңадан 11 мектептің құрылысы жұмыстарын бастауға 24,5 млрд.теңге бағытталуда.

Сонымен қатар жалпы құны 15 млрд. теңгені құрайтын Қызылорда қаласындағы жаңадан құрылысы басталған Жылу-электр орталығының автоматты газ тарату станциясын орната отырып газ тарту жобасының бастапқы жұмыстарына қаржысы қаралуда.

2024 жылы 12 елді мекенді газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізуге 1,2 млрд.теңге бағытталып отыр.

Нәтижесінде облыс бойынша табиғи газға қосылған халықтың үлесін 78%-ға жеткізу жоспарлануда.

Жобаны жүзеге асыру Қызылорда қаласындағы темір жолдың арғы бетіндегі Шанхай, Коммунизм, Гагарин тұрғын аудандарын қаланың орталық бөлігімен қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып, көлік қатынасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласын дамыту жобалары аясында 2024 жылы Облыстық қан орталығы және Онкологиялық аурухана құрылысы жалғасын табуда. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 4,7 млрд. теңге бөлініп отыр.

Сумен, электрмен, жылумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу бойынша жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 17,7 млрд. теңге жоспарлануда.

«Облыс орталығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 3,7 млрд.теңге бөлініп, бұл қаржы Қызылорда қаласындағы Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін жол өтпесін салу, Яссауи көшесін қайта жаңғырту, «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы арқылы Қызылжарма каналына өтетін көпір құрылысы жобаларына бағытталуда.

«Шағынқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Арал, Қазалы қалаларын дамытуға 1,6 млрд.теңге қаржы қаралуда.

Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруда «Ауыл – ел беігі» жобасының маңызы жоғары. Аталмыш жоба аясында 2024 жылы аймағымызға 5,5 млрд.теңге қаржы жоспарланып отыр.

(Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімі Н.Нәлібаевтың жасаған баяндамасынан)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған