Қызылорда қаласында қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Аталған іс-шара аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасы және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірге бірқатар балабақшаларға барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында аурудың алдын алу шараларымен қатар, вакцина алудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, Дархан Есалыұлы балабақша меңгерушілеріне балаларды қауіпті дерттің жұғуынан қорғау үшін вакцинациямен қамтылуын қадағалауды тапсырды.

– Қызылшамен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. Ауру жұқтырған балалар санының артуына жоспарлы түрде екпе алмау, көп жағдайда ата-аналарының екпеден бас тартуы себеп болуда. Вакцинациялаудан бас тарту көбінесе мүгедектікке және өлімге әкелетін көкжөтел, дифтерия, полиомиелит, В гепатиті сияқты ұмытылған вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін. Соған байланысты ата-аналардан сұрайтынымыз, вакцинациялау арқылы балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, – деп толықтырды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Сыздықова.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған