Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді. Ырысты, күрішті шаһар тұрғындары енді автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді. Иә, қағыс естіген жоқсыз. Бұл аялдама – Сыр құтқарушыларының  екінші креативті жобасы.   

 Шаһар тұрғындары енді автобусты өрт сөндіргіш құралдан жасалынған аялдамада күтеді,  Себебі бұған дейін де қала аумағындағы Саламатов көшесі бойында орналасқан өрт сөндіру автокөлігі кабинасынан дайындалған болатынБүгінде аялдама көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай оқушыларға, тіпті  теміртұлпар тізгіншілеріне де өрт қауіпсіздігінен сыр шертсе, сондай-ақ «Мен өрт сөндіруші боламын» -деп талап білдірген жастарға да  нағыз көмекші құралға айналды. Осылайша  қала тұрғындарының сұрауымен  екінші аялдаманы жасауды жөн көрген Сыр құтқарушылары көп қабатты тұрғын үйлер мен қала қонақтары бас сұғатын орталық аймақтың бірі Жеңіс көесі бойында орналасқан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында орналастырылды. Енді қала тұрғындары әлеуметтік желі былай тұрсын, аялдама  маңынан өткен әрбір жолаушы селфи-фотосуретке түсіп, ерекше әсер алатынына сенім білдіреді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған