Партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған аймақтағы су тасқынына дайындық жұмыстарын және гидротехникалық құрылғылардың жағдайын зерделеу бойынша құрылған жұмысшы тобының отырысы өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан қатысты.
Күн тәртібінде «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының су тасқынына дайындық мәселелері» талқыланды.
Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Бақтығалиұлының мәлімдеуінше Қызылорда қаласына келіп тұрған судың көлемі секундына 390 текше метрді құрайды.
Қызылорда қаласы аумағынан ағып өтетін Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 135 шақырымды құрайды. Өзен жағалауының оң жақ бетінде 65 шақырым, сол жақ бетінде 23,5 шақырым, барлығы 88,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеті бар.
Қалаға қарасты дербес бөлімдер, кент және ауылдық округтер мен өзен бойына жауапты болып бекітілген 22 ірі мердігер мекемелер төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруға толық дайын.

Бүгінгі күнге 2024-2025 жылдардағы болуы ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс топтарымен қорғаныс бөгеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпті деген учаскелері анықталды. Соған сәйкес тиісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
2024 жылғы қараша айында Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен әкімдік қызметкерлерімен қала әкімдігінің қыс-көктем кезеңдеріндегі Сырдария өзенімен мол суды қауіпсіз өткізуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қаладағы су тасқынына қарсы жасақталған жалпы материалдардың толықтығына қарау жұмыстары жүргізілді.
Азаматтық қорғау қызметінен және Сырдария өзенінің бойына бекітілген 22 мекемеден барлығы 110 арнайы және ауыр техника дайындыққа келтірілді.
Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен
жанар-жағармай жеткізуші мекемелерімен жасалған арнайы меморандум аясында, техникаларға қажетті 15 тонна жанар-жағармай дайындалды.
Ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері дайындыққа келтірілген(22 эвакуациялық жинақтау және 21 эвакуациялық қабылдау пункттері бар).
Су тасқыны немесе басқа да орын алатын төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік және сауда қызметіне жауапты қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі арқылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету пункті толық дайын күйде тұр.

Қызылорда қаласы, Сол жағалау аумағы «Болашақ» университетінің тұсындағы қорғаныс бөгетіне күнделікті бақылау орнатылып, су тасқынының алдын алу мақсатында сол аумаққа бекітілген 8 мекеме тарапынан күнделікті топырақпен дамбы жасап нығайту, бекіту жұмыстары жүргізілді.
Олар: «BEST STORY CROUP ИНЖЕНЕРИНГ» ЖШС, «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС, «Дәнекер» ЖШС, «Авангард ПГС» ЖШС, «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС, «Интегрострой» ЖШС, «Ер-Ару» ЖШС, «Арна» ЖШС жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы, Сол жағалау аумағындағы қорғаныс бөгетінің ұзындығы шамамен 1,1-1,3 шақырымды құрап, дамбы салып нығайтып бекіту жұмыстары аяқталған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия мүшелері су тасқынына дайындық жұмыстары мен мониторинг барысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, су басу қаупі бар аймақтардың қорғаныс бөгетін күшейту мәселесі үнемі бақылауда болу керектігін жеткізді.
Айта кетейік, Сонымен қатар, Қызылорда қаласында су тасқыны орын алуы ықтимал 3 аумақ белгіленген.