Гендерлік саясат-қазіргі қоғамның тұрақты дамауы мен әділеттілігін қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі.Оның негізгі мақсаты-әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін теңестіру, қоғамның барлық саласында кемсітушілікке жол бермеу және әр адамның өз қабілетін еркін жүзеге асыруына жағдай жасау.Гендерлік теңдік –тек әйелдер мәс елесі емес,ол бүкіл қоғамның дамуына қатысты маңызды құндылық.
Қазіргі таңда әйелдер мен ерлер білім беру, ғылым, медицина, экономика, мемлекеттік басқару, мәдениет және басқа да салаларда белсенді еңбек етуде.
Дегенмен кейбір жағдайларда адамның жынысына байланысты белгілі бір мамандықты таңдауға, қызметте өсуге немесе қоғамдық шешімдер қабылдауға кедергілер кездесуі мүмкін.Сондықтан гендерлік саясат осындай мәселелерді азайтып, адамдарға тең мүмкіндік беруге бағытталады.
Білім беру саласында гендерлік теңдіктің маңызы ерекше.Қыздар мен ұлдардың сапалы білім алуына бірдей мүмкіндік берілуі олардың болашақта өз мамандығын еркін таңдауына жол ашады.Жастарды бір-бірін құрметтеуге, жауапкершілікке және әділдікке тәрбиелеу де гендерлік мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Еңбек саласында да теңдік қағидалары сақталуы қажет.Жұмысқа қабылдау, жалақы төлеу және қызметтік өсу кезінде адамның жынысына емес, оның біліміне, тәжірибесіне, кәсіби қабілетіне және еңбегіне баға берілуі әділетті болады.
Сонымен бірге отбасы мен жұмысты қатар алып жүруге мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуы қоғам үшін пайдалы.
Гендерлік саясат отбасындағы қарым-қатынастарға да әсер етеді.Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің пікірін құрметтеуі, үй шаруасы мен бала тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарауы отбасындағы түсіністік пен тұрақтылықты арттырады.Балалар осындай ортада өсіп, өзара сыйластық пен теңдіктің маңызын ерте жастан түсінеді.
Қорытындылай келе, гендерлік cаясат –қоғамдық өмірдегі теңдікті қамтамасыз етудің маңызды құралы.Әйелдер мен ерлерге тең құқық пен мүмкіндік беру арқылы мемлекет экономикалық әлеуметтік және мәдени дамвудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады.Әр адамның қабілеті мен еңбегі бағаланатын қоғам ғана әділетті, тұрақты және өркениетті қоғам бола алады.Сондықтан гендерлік теңдікті сақтау-әр азаматтың ортақ міндеті.
М.Бекетова
Қызылорда қаласының
№2 сотының бас маманы