Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының да қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелердің заң шеңберінде шешім табу жолдары туралы кеңес алды. Құқық қорғау органдарының басшылары қабылдауға келген тұрғындарға көтерілген мәселелердің заңдық негізін жан-жақты түсіндірді.

Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға 50-ге жуық азамат келіп, өтініш-тілектерін жеткізді. Тұрғындар көтерген мәселелер негізінен баспана алуға, денсаулық, білім салаларына, жол жөндеу, елді мекендерді газдандыруға, тағы да басқа мәселелерге қатысты болды.

Ұсыныс-пікірлерді тыңдаған аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тиісті тап­сыр­малар берді. Көтерілген барлық мәселені шешу жолдары жан-жақты зерттеледі. Мәселен Сексеуіл кентінің тұрғыны 37 шақырым «Самара–Шымкент–Сексеуіл» аудандық маңызы бар авто­мобиль жолының қазіргі жағдайын айтты. Бұл жол «Арал–Каспий» магистралінің құрылысына байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ теңгеріміне берілген. Алдағы уақытта магистраль құрылысы аясында учаскені қайта жаңғырту және жаңадан асфальт төсеу көзделген.

Жеке кәсіпкер Әлия Хамидоллақызы «Шанхай» шағын ауданынан емхана, № 13 мектепке жаңа ғимарат салу мәселелерін көтерді.

Арал қаласында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана жобасы әзірленген. Қазіргі уақытта тиісті министрлікке бюджеттік өтінім жолданып, шешімі күтілуде.

1930 жылы салынған Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп орнына 450 орындық жаңа ғимарат салу жобасы да дайындалған. Қолданыстағы екі қабатты ғимараттың оқу кабинеттері, кітапханасы, акт және спорт залдары талапқа сай келмейді. Осыған орай Арал қаласы Қарасақал Ерімбет көшесі №15 мекенжайында жаңа мектеп салу және ескі ғимаратты бұзу жобасы әзірленді.

* * *

Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергеш­баев Қазалы ауданына жұмыс сапа­ры кезінде халықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғын­дарды жеке қабылдады. Қабылдауға кел­ген 60-тан астам азамат ұсыныс-тілек­терін білдірді.

Аймақ басшысы қазалылықтар көтерген мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Барлық мәселе жан-жақты зерттеліп, заң аясында шешім шығарылады.

Тұрғындар негізінен электр желілерін қайта жаңғырту, жол салу, жылу жүйесін кеңейту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ас­фальт төсеуге қатысты сауалдарын қойды.

Атап айтсақ Өркендеу ауылының тұрғыны Өркендеу, Бірлік, Қожабақы және Аранды ауылдарын газдандыру жайын сұрады. Қазір Қазалы ауданының оңтүстік бөлігіндегі газдандыруды қажет ететін 9 елді мекенде 6 849 адам тұрады, 1 319 тұрғын үй, 45 әлеуметтік нысан мен 323 кәсіпкерлік субъектісі бар.

«Қызылорда облысы Қазалы ауданы­ның Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды елді мекендеріне жеткізуші газ құбырын салу» жобасы әзірленген. Жобаны жүзеге асыруға 4 млрд. 558,155 млн. теңге жоспар­ланған, алдағы 2027 жылға 1 млрд. 769,652 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу мақұл­данды. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен ауылдарға жеткізуші газ құбыры тартылып, одан кейін ішкі газ желілері салынады.

Әйтеке би кентінің тұрғыны жаңадан Оқушылар үйін салу мәселесін қозғады. Оқушылар үйін кент орталығындағы №249 мектептің бос жатқан жер учаскесіне салу жоспарлануда. Бұл құрылыс облыс бойынша жоба- сметалық құжаттамаларды әзірлеудің тиімділігін қарау жөніндегі кеңесте қолдау тапты. Жоба-сметалық құжаттама демеушілік қаражат есебінен әзірленіп, оң сараптама қорытындысы алынған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған