Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық деректірін автоматты түрде тіркейтін жол қозғалысын бақылауға арналған заманауи кешендер жеткілікті деңгейде пайдаланылуда.

Атап айтқанда құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 218 құрылғылар жұмыс атқаруда.

Олардың ішінде 25 мобильді кешендер, 167 стационарлы автоматты тіркеу жүйесі, 20 жол учас­кесінде 80 интеллектуалды қиылыс құрылғылары әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтауда.

Аталған құрылғылармен 2026 жылдың 10 айында барлығы 154 мың 288 құқық бұзушылықтар анықталды.

Жол қозғалысын бақылау бойынша жол-көлік оқиға­лары жиі орын алатын және жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзгеде қатысушыларына басым­дық бермейтін 25 жол учаскесіне 25 «SUNQAR» ке­ше­ні сатып алынып, пайдалануға берілді. Оның 20-сына «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» функциясы қосылған. Бұдан бөлек облыста жасанды интеллект мүм­кіндіктері бар 915 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

25 «SUNQAR» құрылғысымен 68 мың 114 құқық бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында жедел жәрдем және қоғамдық көлік құралдарына автоматтандырылған тіркеу функциясы бар 2 мобильді кешендер орнатылып, пайдаланылуда.

Жалпы мобильді кешендермен 8 мың 749 құқық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар қараша айының 9-нан бастап KAZ 06 «Қарабұтақ-Шымкент-Қызылорда» халықаралық республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қызылорда қаласымен – Арал ауданы аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақса­тында орнатылған 6 «ZEREK-2» аппараттық-бағдар­ла­малық кешендерінің көлік құралдарының орташа жылдамдықты бақылау жүйесі ресми іске қосылып, облыс аумағында республикалық маңызы бар авто­мобиль жол бойында орнатылған барлық 9 «ZEREK-2» кешендері орташа жылдамдықты бақылау жүйесімен толық пайдаланылуда.

«ZEREK-2» кешендері арқылы, 15 мың 752 құқық бұзушылықтар анықталды.

Ағымдағы жылдың 10 айында жол-көлік оқиғала­рының орын алуы 1,6 пайызға төмендеген.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған