Облыстық жастар орталығында «BIR TOLQYNDA» жастар шарасы өтті.

Шараға Қоғамдық Даму Басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов қатысып, өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің қолдауымен іске асып жатқан жаңа жобаларға тоқталды.

Шара барысында үздік волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын табыстап, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттар байқауының жеңімпаздарын алғыс хатпен марапаттады.

Айта кету керек, шара аясында әріптесіміз «Qosyl Volonter» ұйымының жетекшісі Қалыбай Аян «Жыл волонтері» номинациясын иеленді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған