Жалағаш кентіндегі №128, №131, №153 сайлау учаскелерінде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан «Жалағаш ауданының Құрметті азаматтары» өз таңдауларын жасады.Аға буын өкілдері ел ісінде елеусіз қалмай, әркез саяси науқандарда белсенділік танытып келеді. «Қазақстанның жаңаруы осында тұратын барлық халықтың, азаматтарымыздың бірлікке деген жаңаша ұстаным қалыптастыруынан көрінеді. Осы ретте ел алдындағы жауапкершілігімізді терең түсініп, бүгінгі саяси науқанға атсалысып, өз таңдауымызды жасауымыз керек» деген Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Дина Мирман бүгінгі күн ел тарихындағы маңызды күн екенін айтып, ақ батасын берді.