Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында өңірдегі мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалды. Аймақта 21431 мүгедектігі бар адамның сайлауға қатысуға құқығы бар. Сайлау науқанында қала және аудандардағы дауыс берушілерге барлық жағдайлар жасалған, атап айтқанда, кіреберіс қоңырау, пандус, тактильді жолдар мен тактайшалар, мүгедектігі бар адамдарға арналған дауыс беру кабинасы қойылған. Сондай-ақ, жүріп-тұруы қиын азаматтардың үйден дауыс беруіне мүмкіндік берілді. Айта кетейік, өңірде 386 сайлау учаскесі және 500 994 сайлаушы бар.