(сурет ғаламтордын алынды)
Отбасының табысына, ауқатына қатысты барлық дерек автоматты түрде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі. Жүйе түрлі мемлекеттік органдардың дерекқорларын біріктіріп, отбасы мүшелерінің ресми жалақысы мен өзге де табыстарын, атындағы жылжымайтын мүлік (пәтер, үй, жер телімі) пен автокөлік санын, несие жүктемесін, депозиттерін және өзге де 59 түрлі әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті кешенді түрде талдайды. Осы талдаудың нәтижесінде жүйе әр отбасын әл-ауқат деңгейіне қарай бес санаттың біріне (A, B, C, D немесе E) автоматты түрде жатқызады. Демек жүйе жәрдемақыны әділ бөлуге мүмкіндік береді.