(сурет ғаламтордан алынды)

Ресми түрде жұмыс істейтін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдары тұрақты төленіп келген әйелдердің декреттік төлемдері еш қысқармайды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін барлық төлем отбасының «Цифрлық картадағы» әл-ауқат санатына (тіпті отбасы A немесе B санатында тұрса да) қарамастан, толық көлемде төлене береді. Себебі бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен емес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен, яғни азаматтың өзі және жұмыс берушісі аударған сақтандыру жарналары есебінен қалыптасады. Сондықтан жұмыс істейтін аналардың заңды құқықтары мен жинақталған әлеуметтік кепілдіктері толықтай қорғалған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған