▪️Байқоңыр қалалық сотында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істердің материалдарын сотқа жолдау және құқық қолдану практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
▪️Іс-шараға сот төрағасы Ж.Үсен, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
▪️Дөңгелек үстел барысында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша материалдарды жинақтау, оларды сотқа жолдау тәртібі мен жиі кездесетін мәселелер кеңінен талқыланды.
▪️Қатысушылар құқық қолдану практикасында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сотқа жолданатын материалдардың бірізділігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Байқоңыр қалалық соты