▪️ Қызылорда облыстық сотында «Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде және қызметтен тыс қатынастарда әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының судьясы, судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
▪️Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде және қызметтен тыс қатынастарда әдеп нормаларын сақтаудың маңызына тоқталды.
▪️Сонымен қатар, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Р.Бегимбаев баяндама жасап, судья әдебіне қатысты мәселелерді тілге тиек етті.
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі