Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін?

«Қайта есептеу», «жарналардың түс­пеуі», «сізге тиесілі төлем» және элек­трондық кезекті брондау туралы қоңы­раулар мен хабарламалар. Алаяқтар өз­дерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныс­тырып, телефон соғады немесе мессенд­жерлер арқылы хабарлама жібереді. Олар салымшының шотына зейнетақы жарналары түспей жатқанын немесе, керісінше, азаматқа жаңа зейнетақы төлемі не қосымша үстемеақы тағайындалғанын, қайта есептеу жүргізілгенін айтып сендіруге тырысады. Жарналардың аударылмау себеп­терін анықтау немесе төлемді рәсім­деу сылтауымен жалған қыз­меткерлер жеке деректеріңізбен бөлісіп, бөлім­шелерге электрондық кезек брондау үшін SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұрайды.

Шоттардың бұғатталғаны туралы жалған ақпарат. Алаяқтар компаниялар­дың қызметкерлеріне немесе бухгалтер­леріне хабарласып, зейнетақы шотының бұғатталғанын (мысалы, транзиттік шот­тарға тыйым салынуына байланысты) мәлімдеуі мүмкін. Содан кейін жәбірленушіні «сот орындаушыларына» бағыттап, жоқ шектеулерді алып тастау үшін айыппұл ретінде ақша аударуды талап етеді.

Зейнетақы жинақтарын сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдыру туралы ұсыныстар. Делдалдар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында, сон­дай-ақ жинақтарды инвестициялық порт­фельді басқарушыларға (ИПБ) аудару желеуімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шығарып беруді ұсынады. Бұл ретте олар көрсететін қызметтері үшін алдын ала төлем жасауды және/немесе банк шотының деректемелерін беруді сұрауы мүмкін.

Жасанды интеллект технологияла­рын пайдалану. Алаяқтар жасанды интел­лект технологияларын да қолданады. Мысалы, жалған сайттар жасайды, адам­ның дауы­сын қолдан жасап, жалған аудио және бейнематериалдар әзірлейді.

Дербес деректер мен зейнетақы жинақтарын алаяқтардан қалай қорғауға болады?

БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайтынын, SMS-кодтарды немесе парольдерді айту­ды, сондай-ақ қандай да бір шотқа ақша аударуды талап етпейтінін есте ұстаған жөн.

Зейнетақы жинақтарын тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Бұл ретте ешқандай делдалдың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

Кез келген ақпаратты тек БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайты немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласқан жөн.

Сондай-ақ Қор қызметкерлері зейнетақы жинақтарын аударуға, инвестициялауға, қандай да бір акциялар мен қаржы құралдарын сатып алуға шақыратын түрлі бейнероликтерге қатыспайтынын ескерген жөн.

БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін ақы ала ма?

БЖЗҚ ескертеді:

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу дел­далсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады.

Қор қызмет көрсеткені үшін ақы алмайды, барлық төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік желілердегі зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару, түрлі облигациялар мен акцияларға инвестициялау, қаржылық операциялар жүргізу немесе ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын соманы шешіп алу бойынша делдалдық қызметтер туралы хабарландыруларға сенуге бола ма?

Зейнетақы активтерін әдепкі тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инвестициялық басқаруға алады. Ол зейнетақы жинақтарын сенім­герлік басқарушы ретінде Инвестициялық декларацияға сәйкес түрлі қаржы құрал­дарына инвестициялайды.

Ұлттық Банктен бөлек салымшының таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да басқара алады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуды салымшы тек өз қалауымен жүзеге асыра алады. Ол үшін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып кіруге не БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуге болады.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағ­дайын жақсарту және емделу мақса­тында пайдалану тек уәкілетті операторлар (екін­ші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асы­рылады. Сондықтан бұл үшін де делдал­дардың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

Делдалдар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына балалар туралы мәліметтерді енгізуге немесе осы бағдарлама аясындағы нысаналы жинақтарды алу бойынша көмектерін ұсынады. Олардың қызметіне жүгінген дұрыс па, бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеу қажет пе?

Балаларға нысаналы талаптарды есеп­теу үшін олар туралы мәліметтерді мемлекеттік дерекқорға енгізу ақылы емес. Бұл мәселеде делдалдардың көмегіне жүгінудің мүлде қажеті жоқ. Ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і мен туған күні туралы деректердің дұрыстығын өз бетінше тексере алады. Егер мәліметтер жоқ болса немесе қателер анықталса, ата-аналар цифрлық құжаттарын жаңартуы, мемлекеттік дерекқорлардағы мәлімет­тердің дұрыстығын тексеруі немесе тұрғы­лықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.

Сондай-ақ, 18 жасқа толған азаматтарға нысаналы жинақтарын алу үшін делдал­дардың көмегі қажет емес. Олар білім алуға ақы төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақ­сарту мақсатында уәкілетті оператор банктер арқылы өтінімді өз бетінше бере алады.

Нысаналы жинақтарды алу рәсімі тегін. Бұл үшін делдалдардың қызметіне жүгінудің қажеті жоқ.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған