Қызылорда қаласында Құрылтай сайлауына қатысқан «Әжелер ансамблінің» барлық мүшесі бірге өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Ақ жаулықты әжелердің сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киіммен келіп, азаматтық белсенділік танытуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Өнерлі ұжым дауыс беру рәсімінен кейін дәстүрлі әндерді орындап, жиналған тұрғындарға мерекелік көңіл-күй тарту етті.

Ансамбль мүшелері ұлттық өнерді насихаттап қана қоймай, кейінгі буынға өнеге көрсетіп келеді. Әжелердің сайлауға бірге қатысуы – ел өміріндегі маңызды шараға аға буын өкілдерінің белсенді араласуының жарқын үлгісі.

Әуезді ән мен ұлттық дәстүр сабақтасқан бұл көрініс сайлау күнінің мазмұнын айшықтап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған