Республикалық Құрылтай сайлауында Қызылорда қаласындағы №200 сайлау учаскесінде сайлаушыларды арнайы робот қарсы алуда. Заманауи технология элементі ретінде енгізілген робот келушілерге Құрылтай сайлауы туралы қысқаша ақпарат беріп, дауыс беру тәртібі жөнінде мәлімет ұсынады. Робот көмекші балаларымен бірге дауыс беруге келген сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда. С.Толыбеков атындағы №3 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде 1103 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Айта кетейік, өңірде 386 учаске құрылып, 2720 комиссия мүшесі қызмет атқаруда. Аймақта 500 591 азамат дауыс беру құқылы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған