Бүгін – Құрылтай сайлауы! Таңғы сағат 7.00-де Қызылорда өңіріндегі барлық сайлау учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.
Комиссия мүшелері сайлау процесін ашық әрі заңнама талаптарына сай өткізуге дайын.
Аймақта 386 сайлау учаскесі бар. Оның 132-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.
Учаскелердің 27-і азаматтардың уақытша болу орындары яғни жабық учаскелер қатарында. Бұл учаскелерде тізімге енген азаматтар толық дауыс беріп болса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін.
Айта кетейік, өңірде 500591 азамат дауыс беруге құқылы. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.